Алматыда креативті ұшқыр болидтердің жарысы өтті

23 Қыркүйек 2019, 20:31
1584
Бөлісу:
Алматыда креативті ұшқыр болидтердің жарысы өтті

Алматы, BAQ.KZ. Достық даңғылының бойында өткен Red Bull Soapbox Race жарысын 35 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жарысқа 49 команда қатысты. Құрамында 5 адам бар ZIG ZAG командасы жеңімпаз атанды, олар: Александр Саковнин, Каролина Саковнина, Александр Успенский, Екатерина Успенская, Антон Нафиков. Жарыстың бас жүлдесі - Сочидегі Формула-1 кезеңдеріне қатысу.

Екінші орынды өте дәлдікпен уақыт машинасын жасаған BOX BOX командасы жеңіп алды. Үшінші орынды Aston Martin жетілдірілген көшірмесімен Aristocratic garage иеленді.
Жарысқа қатысушылар маусым айында қатаң іріктеуден өткен еді, комиссия 200 өтініштің ішінен ең креативті эскиздерді таңдап алған болатын. Сайысқа қатысушылар өз болидтерін қолда бар заттар мен материалдардан жасаған.

Қазақстанда алғаш рет мұндай жарыс Алматыда 2017 жылдың күзінде өткен болатын.


Өзгелердің жаңалығы