Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбі – Ресейден келгендер

30 Наурыз 2020, 16:17
1341
Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбі – Ресейден келгендер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сараптама нәтижелері бойынша осы науқастардың 97 пайызы инфекцияны сырттан әкелген, 3 пайызы ғана жергілікті. 

Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, қазір қалада 73 коронавирус инфекциясы тіркелген және бұлардың басым көпшілігі шеттен әкелінген.

Инфекциясы бар өзге елден келген 26 жолаушы байланыста болған 45 адамға жұқтырған. Сондай-ақ, жергілікті 2 адамның да белгілі бір жағдайда байланыста болған адамдары бар. Инфекцияны шеттен әкелгендердің басым көпшілігі - Ресейден келгендерден анықталды. Мәскеуден оралғандар – 40%, Берлин-Алматы рейсімен келгендер - 23%, Санкт-Петербург-Алматы рейсі - 20%, Минск-Алматы рейсі - 17%, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол вирусты жұқтырғандардың жас мөлшеріне тоқталып өтті. Бірінші орында 33-39 жас аралығындағылар, одан кейін 20-29 жас аралығы, үшінші орында 50-59 жас аралығындағы адамдар тұр екен. 

Жынысы бойынша қарайтын болсақ негізінен әйелдер көп ауруда - 62,5%, ерлер - 30,5%. Бүгінгі жағдай бойынша қалада 8305 адам коронавирусқа тексерістен өтті. Олардың 73-нен вирус анықталды, - деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, қазір әлем бойынша инфекцияның таралуын төмендететін екі әдіс бар, оның біріншісі адамдардың оқшаулануы, екіншісі кең көлемде коронавирусқа қарсы тесттен өту. 

Біз тест бойынша 100 пайыз қамтып отырмыз, яғни күдікті болған адамдар мен байланыста болғандарды барлығын тексеріп жатырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ, ол қалада қазір коронавирус инфекциясының 24 ошағы анықталғанын, олардың барлығы тиісінше оқшауланғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы