Алматыда коронавирус жұқтырған 63 адам ауруханаға түсті

1 Қараша 2021, 12:00
24841
Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырған 63 адам ауруханаға түсті

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте 206 адамнан коронавирус анықталды, оның 189 симптомдық белгілері бар және 17 симптомсыз.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кеше 14 науқас ауруханадан емделіп шыққан, ал келіп түскендер саны - 63.

Инфекциялық стационарларда 1 039 адам ем алып жатыр, оның 35-і - бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 93. ӨЖЖ – 28, инвазивті емес ӨЖЖ – 35, High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 124 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 038, симптомсыз 86.

Сондай-ақ өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 409 адам, 2-компонетін 605 адам алған.

Қаладағы медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы