Бас жаңалықтар
Алматыда көлік қаққан 12 жастағы қыз қайтыс болды
09 Қазан 2021, 15:07 16527

Алматыда көлік қаққан 12 жастағы қыз қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Skoda Rapid» көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан 12 жастағы қызды қағып, мерт қылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көлік апаты 8 қазан күні кешкі сағат 18.30-да болған. 

«Skoda Rapid» жүргізушісі «Нұрлытау» ықшам ауданынан Сапаржол көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, 5 «А» үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқушы рұқсат етілмеген жерді кесіп өткен. Салдарынан 2009 жылы туған жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов. 
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...