Бас жаңалықтар
Алматыда карантинге қарамастан жұмыс істеп келген демалыс орны анықталды
07 Тамыз 2020, 15:34 179

Алматыда карантинге қарамастан жұмыс істеп келген демалыс орны анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Жүзу бассейні бар кешен әдеттегідей жұмыс істеп келген және санитарлық шаралар сақталмаған. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан әкімдігі, ӨКБТУ және полиция қызметкерлерінен тұратын арнайы бақылау тобы тексеру кезінде демалыс орнында шамамен 30 адам демалып жатқан. 
Олардың арасында кішкентай балалары бар отбасылар да болды. Демалушылар ортақ бассейнді пайдаланды, олар әлеуметтік қашықтық пен негізгі гигиена туралы ұмытып кеткен сияқты. 28 адамға қатысты СЭС өкілдері ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасады. Сонымен қатар, демалыс аймағының иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері – 230 АЕК құрайды, – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...