Бас жаңалықтар
Алматыда карантин жеңілдейді. Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
14 Ақпан 2021, 17:50 271

Алматыда карантин жеңілдейді. Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Аталған құжатқа сәйкес ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына рұқсат етілді.

Сонымен қатар азық-түлік және азық-түлік емес жабық және ашық базарлардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат берілді. 

Сауда орындары адам саны 30%-дан аспайтын жағдайда демалыс және жұмыс күндері істей беретін болды. 

Сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты, маска режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараны қатаң сақтаулары қажет.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...