Алматыда карантин режимінің сақталуын 2 мыңнан аса полицей бақылап жүр

20 Маусым 2020, 16:25
1434
Бөлісу:
Алматыда карантин режимінің сақталуын 2 мыңнан аса полицей бақылап жүр

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы халық көп жиналатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау үшін қала аумағын күшейтілген түрде күзетуде. 

Қала әкімдігі бұл жұмыстарға 2 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылғанын хабарлады.

Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізілуде. Мысалы, Түрксіб ауданында адамдар көп жиналатын орындарда белгіленген шектеу шараларының сақталуын бақылау үшін полицияның жаяу патрульдік қызметінің 11 тобы ұйымдастырылған.

Азаматтардың жаппай жиналатын орындарын: саябақтарды, скверлерді, жағалауларды, сауда-ойын-сауық орталықтарының маңайларын және тағы басқа орындарды патрульдеуге баса назар аударылды. Сонымен қатар, халықпен түсіндіру жұмыстары жанданды. Олар қала тұрғындарына санитарлық және гигиеналық нормаларды қатаң ұстануды, міндетті түрде медициналық маскалар киіп, әлеуметтік қашықтықты ұмытпауды ұсынады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы