Бас жаңалықтар
Алматыда күзде 250 мыңға жуық жасыл желек отырғызылады
14 Тамыз 2020, 15:28 140

Алматыда күзде 250 мыңға жуық жасыл желек отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жасыл қорды дамыту мәселелері және бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындылары бойынша Алматы қаласы жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифингте айтып берді.

Алматы қаласы әкімінің  бастамасы бойынша "Жасыл Алматы" акциясының аясында көктемде 8 мың түп ағаш отырғызылды. 110 мың шаршы метр жерде гүлзар жасалды. Бұл жұмыстар карантинге дейін атқарылған болатын. Күзде шамамен 250 мың жасыл желек отырғызу жоспарда бар. Олардың ішінде  218 мың жапырақты ағаштар және 4 мыңы қылқан жапырақты ағаштар болады. Көгалдандырылатын аумақтың  жалпы көлемі  452,6 га жерді құрайды, - деді Наталья Ливинская.

Егілетін көшеттер географиялық жағдай бойынша және топырақ ерекшелігіне қарай бөлінеді. 
Алатау ауданында 176,7 мың  көшет, Түрксіб ауданында 40 мың көшет, Наурызбай ауданында 5,5 мың көшет отырғызылады. Біз терек, қарағай, үйеңкі, каштан, сондай-ақ жеміс ағаштарынан алма, шие, өрік сияқты ағаштарды көбірек отырғызуға көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, инвесторлар есебінен скверлер құру үшін 20 жер учаскесі бөлінді. Шамамен  35 мың ағаш отырғызу жоспарланған, - деп айтты ол.
Наталья Ливинская 2019 жылғы қарашадан бастап басқарма ағаштарды кесуге рұқсат беруді тоқтатқанын жеткізді.  
Он айдың ішінде  ағаш кесуге 346 өтініш келіп түскен. Оның ішінде шамамен 300 өтінішіне рұқсат берілген жоқ. Оны бермеудің дәлелдері болды. 33 өтініш бойынша рұқсат беріліп, олар бойынша жобаларға түзетулер енгізілді, - деді Ливинская.
Рұқсат беру кезінде кесуге  ұшырайтын жасыл екпелер санын азайту арқылы жобаны түзету ұсынылады, содан кейін ғана кесуге рұқсат беріледі.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...