Алматыда жасөспірімнің денесі табылды

10 Наурыз 2020, 11:01
1916
Бөлісу:
Алматыда жасөспірімнің денесі табылды

Алматы, BAQ.KZ. Мұндай қайғылы оқиға алдымен әлеуметтік желіде тарады, кейін полиция өкілдері де растады.

Интернетте тараған мәліметке сүйенсек, 6 наурыз күні Орбита-3 ықшамауданындағы №45 мектептің спорт алаңында 16 жастағы жасөспірім асулы күйінде табылған. Оның үстінде футболка ғана болған.

Туыстарының айтуынша, жасөспірім түнде итін қыдыртуға шығып, сол бойы оралмаған. Мәйітті мектептің күзетшісі тауып алған. Қайтыс болған баланың достары итін келесі күні тапқан және оны біреулер ұрған көрінеді. 

Қайтыс болған бала Башқұртстаннан келген. Өмірде ақжарқын болған әрі ән жазумен айналысқан. Мектеп бітірген соң Чайковский атындағы колледжге тапсыруды армандапты. Достарына соңғы кезде жаңа ән жазып жатқанын айтыпты.

Алматы қаласы Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Қылмыстық істі Бостандық ауданы Полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Адамның нақты неден өлгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. 2003 жылы туған жасөспірімнің мәйітін тексергенде зорлық-зомбылық нышандары анықталмады, - дейді Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Өзгелердің жаңалығы