Алматыда Гоголь көшесі бойында тағы бір үй қоршауға алынды

20 Наурыз 2020, 10:00
3993
Бөлісу:
Алматыда Гоголь көшесі бойында тағы бір үй қоршауға алынды

Алматы, BAQ.KZ.  Бұл туралы осы үйде тұратын журналист Индира Хаметчина Facebook парақшасында жазды. 

Карантинге алынған үйдің мекенжайы Гоголь көшесі 75.
Міне, енді менің үйім де қоршауға алынды. Енді біз екі апталық карантиндеміз. Біздің үйде балкондар жалпыға ортақ ұзын болғандықтан "италяндық" деп аталатын, – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол үй тұрғынадары ауыр техника мен полиция қызметкерлерінің дауысынан оянғандарын айтады. Құзырлы органадардың өкілдері оларға бәрін күндіз түсіндіретіндерін айтқан.   
                                                
Бұған дейін қаладағы Almaty Towers тұрғын үй кешені де қоршауға алынғанын хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы