Алматыда ер адам көпірден секіріп, көз жұмды

17 Қыркүйек 2020, 16:02
2070
Бөлісу:
Алматыда ер адам көпірден секіріп, көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ер адам өз-өзіне қол салды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

17 қыркүйек күні сағат 13.00 шамасында ПД-нің Жедел басқару орталығына Сүйінбай даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер өтетін көпірден ер адамның секіргені туралы хабарланды. Суицид салдарынан ол көз жұмды, - делінген хабарламада.

Қайтыс болған адамның кім екені анықталуда, оның жеке төлқұжаты өзімен бірге болмаған.

Жетісу аудандық Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соның нәтижесінде ер адамның өлімге бару себептері анықталады, - делінген хабараламада.

Өзгелердің жаңалығы