Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді

12 Наурыз 2021, 15:44
3343
Бөлісу:
Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 15 наурызынан бастап 19 наурызына дейін Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді. 

Тікелей көрсетілім Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.

Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда, мына сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +77029857977, Ақмарал, +77029992277, Анель.

Оқыту курстары офлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71/27. Қатысушылар «Экологиялық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.

 


Өзгелердің жаңалығы