Алматыда дезинфекциялаудың екінші кезеңі басталады

6 Маусым 2020, 09:00
1575
Бөлісу:
Алматыда дезинфекциялаудың екінші кезеңі басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қоғамдық кеңістіктерді жаппай дезинфекциялаудың екінші кезеңі басталады.

Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық кеңістіктерді дезинфекциялау күшейтілді.

Ертеңнен бастап қаланың барлық қоғамдық орындарына ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізудің жаңа кезеңі басталады. Ең алдымен жұрт көп жиналатын алаңдар, көшелер мен парктер, скверлер, жаяу жүргінші аймақтары залалсыздандырылады. Осылайша, Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметі бойынша дезинфекция жасау үшін қала орталығы шектеледі.

3.jpg

Қауіпсіздік шаралары жүргізілетіндіктен Алматының Тұрғын үй саясаты басқармасы қала тұрғындарынан дезинфекторлар мен арнайы автокөліктің жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуды сұрайды.

Алматыда карантин режимі енгізілген кезден бастап қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің тапсырмасы бойынша қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралмауы үшін дезинфекция жұмыстары барынша жүйелі жүргізіліп келеді.

2.jpg

Карантин режимінің бәсеңдеуіне орай коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артқаны байқалады. Өйткені, қалалықтар қоғамдық орындар – алаңдарға, жаяу жүүргінші аймақтарына, парктер мен скверлерге жаппай баруда. Оның үстіне санитарлық қауіпсіздік ережелері сақталмауда, маска тағылмауда, әлеуметтік қашықтық сақталмауда. Адамдар көп жиналатын орындар өте қауіпті, себебі вирус түрлі заттардың, орындардың беттерінде орнығып қалады, - деп атап өтті Алматының Тұрғын үй саясаты
басқармасындағылар. 
Дезинфекция жасау үшін қолданылатындар қаупі төмен 4-ші сыныпты заттар қатарына жатқанымен, 5 сағат үйден шықпау және өңделген орындарға бармау талап етіледі. 

Қоғамдық кеңістіктерді өңдеу жұмыстарына 1200 жұмысшы және 135 арнайы техника бірлігі тартылды. 

Қалада карантин режимі енгізілгелі бері дезинфекциялау жұмыстары жүйелі түрде мына бағыттар бойынша жүруде.

4.jpg

Тұрын үй саясатының мердігерлік ұйымдары көпқабатты тұрғын үйлердің 24 мың кіреберістері 4 мыңнан астам аулаларына аптасына 2 рет дезинфекция жүргізеді. Жексенбіден басқа күндері көпқабатты үйлерге 65 бригада құрамындағы 450-ге жуық дезинфекторлар өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Күн сайын шамамен 75 мың литр дайын ерітінді пайдаланылады жалпы қазірдің өзінде 4,3 млн литрден астам дайын ерітінді қолданылды. Ертең дезинфекциялық өңдеудің 21 кезеңі аяқталады. Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Ошақты кіреберістер де күн сайын өңделеді, оны әр ауданда жеке бөлінген әрқайсысы 3 адамнан жүргізеді. Коммуналдық қызметтердің күшімен аялдамалар, урналар, орындықтар, жер асты және жер үсті өтпелі жолдар, медицина мекемелерінің және басқаларының айналасы өңделеді. Бұлардан өзге, 85 дезинфектор күн сайын контейнерлі алаңдарды өңдейді. Кестеге сай контейнер алаңдары кезеңмен залалсыздандырылады. Қоғамдық кеңістіктер дезинфекциялық өңдеуден өтуде. Жалпы, ТЖ режимі басталған кезден бері 27 млн 250 мың дайын дезинфекциялық ерітінді қолданылды, скверлерді, парктерді, жаяу жүргінші аймақтары мен басқа орындарды өңдеу үшін күніне орта есеппен 500 мың литр ерітінді жұмсалды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы