Алматыда демалыс күндері де вакцина салу жалғасып жатыр

25 Сәуір 2021, 10:40
1787
Бөлісу:
Алматыда демалыс күндері де вакцина салу жалғасып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 6 415 адам вакцина салдырған. Жалпы 1-ші ақпанна бастап екпеалғандар саны 176 533 адамды құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бүгінгі таңда қалада 205 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр, ондағы 406 вакцинация бригадасында 1 827 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Қаладағы вирустың таралу жағдайы бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр. 24 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырған 682 жаңа жағдайы тіркелген, оның 611-і симптомдық белгілері бар және 71симптомсыз. Ауруханалар бір тәулік ішінде – 303 науқасты қабылдаған, ал, стационардан шығарылғандар саны 187 науқас.

Барлық инфекциялық стационарда физикалық тұрғыдан 3 871 адам бар, оның 108-і бала. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы – 254 науқас жатыр. ӨЖЖ – 31, инвазивті емес ӨЖЖ – 92, High flow-да 80 аппарат жұмыс істейді. 5 985 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 338 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 647 симптомсыз,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы