Алматыда автотұрақтан өрт шықты

3 Қыркүйек 2021, 23:53
5948
Бөлісу:
Алматыда автотұрақтан өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қараусыз тұрған автотұрақтан өрт шықты.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 3 қыркүйекте Бостандық ауданында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру бригадалары шақырту түскен Рысқұлбеков 35 мекенжайына барған. Келгеннен кейін, бес минутта қараусыз қалған тұрақта құрғақ ағаштар мен ескі көліктер өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сөндіру қондырғылары енгізіліп, цистерналарға гидранттар орнатылған және сумен үздіксіз қамтамасыз етілгені айтылды. Сағат 17:28-де жалпы алаңы 40 шаршы метрді шарпыған өрт 30 минутта сөндірілген.

Өзгелердің жаңалығы