Алматыда автобустары терминалдарды әдейі өшіріп келген

24 Қаңтар 2019, 14:59
2927
Бөлісу:
Алматыда автобустары терминалдарды әдейі өшіріп келген

Алматы, BAQ.KZ. Соңғы кездері Алматыда жолақысы электронды түрде төленетін терминалдарды өшіріп тастау оқиғалары жиі кездесуде, соның салдарынан қала тұрғындарынан көп шағым түсуде. Бұл туралы Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

«АвтоТрансГаз» ЖШС қызмет көрсететін №16 бағыттағы автобустарда жолақысы электронды түрде төленетін терминалдарды өшіріп тастау оқиғалары жиі кездесе бастаған.

«Көлік холдингі» қызметкерлері жүргізген тексеру барысында аталған бағыт жүргізушілері терминалдарды өз беттерінше өшіріп тастап, жолаушылардан қолма-қол ақша алып отырған, ал «ОҢАЙ» сервис орталығына терминалдардың бұзылғандығы жөнінде ешқандай арыз түспеген», - делінген хабарламада.

Аталған келеңсіз жағдайға байланысты «АвтоТрансГаз» ЖШС-нің басшысы Бауыржан Кулишевке ескерту жасалған, егер тәртіп бұзушылық тағы да қайталанатын болса – Алматы қаласының Мобилділік басқармасы бағыт бойынша қызмет көрсету келісімін бұзуға дейін тиісті шара қолданбақ.

Өзгелердің жаңалығы