Алматыда 78 жастағы қарияның жүрегіне ота сәтті жасалды

16 Маусым 2020, 10:11
1499
Бөлісу:
Алматыда 78 жастағы қарияның жүрегіне ота сәтті жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова институттың кардиохирургтар командасымен аорта қақпақшасын биологиялық протезбен алмастыру және аортакоронарлық шунттау операциясынан кейін пациент Алексей Заиканы 78 жасқа толуымен құттықтады. 

Ол туған күнінде реанимациядан палатаға ауыстырылды. 

Роза Тоқтанәліқызы өның оптимистік көзқарасы мен ота жасатқан кезде батылдығын атап өтті.

Алексей Заикан өзі тек дәрігерлерге ғана емес, институттың бүкіл ұжымына ризашылығын білдірді.

Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, пациент стационарға жатқызылған кезде, оның  шамалы күш түскенде ентігу, ауа жетіспеушілігі, жүрегі қысып, тез шаршау, жалпы әлсіздік сияқты  шағымдар болды. Ол жағдайдың ауырлығын жүрек жиырылуының төмендеуімен де байланыстырды.

Пациент 15 жыл бойы созылмалы обструктивті өкпе ауруы және бронх демікпесімен есепте тұрған, жүрекке тексерілмеген және емделмеген, тыныс жетіспеушілігі бронх және өкпе патологиясымен байланыстырылған, - делінген хабарламада.

КІАҒЗИ оған аралас аорта ақаулары, митральды қақпақшаның ақауы, 3 дәрежелі артериалды гипертензия диагнозы қойылып, хирургиялық емге көрсеткіштер бар екені айтылды.

Пациенттің операциядан кейінгі жағдайы тұрақты, ол антибактериалды және дәрілік терапия алып, тыныс алу жаттығуларымен айналасуда.

Өзгелердің жаңалығы