Бейжің коронавирусы Уханьдағы вирусқа қарағанда жылдам тарайды – ғалым

16 Маусым 2020, 09:55
1971
Бөлісу:
Бейжің коронавирусы Уханьдағы вирусқа қарағанда жылдам тарайды – ғалым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ухань университетінің вирусологы Ян Чжаньцю хабарлады, деп жазады Global Times газеті.

Бейжіңдегі көтерме сауда нарығының қызметкерлерінен табылған коронавирус Уханьдағы базарда анықталған вирусқа қарағанда жылдам жұқпалы. Бұл туралы Ухань университетінің вирусологы Ян Чжаньцю хабарлады, деп жазады Global Times газеті.

Ғалым атап өткендей, соңғы төрт күн ішінде Бейжіңде 79 адам вирус жұқтырған, бұл вирустың төтенше жұқпалы екендігін көрсетеді.

Чжаньцю, сондай-ақ, Қытай астанасында тіркелген коронавирус Еуропадағы вирусқа ұқсас және ол Қытайға Еуропа елдерінің бірінен келуі мүмкін екенін атап өтті.

Вирустың түрлі генотиптері вакцинаны тиімділігі  төмен, тіпті тиімсіз ете алады. Яғни, вакцина Қытайдағы, Еуропадағы вирустарға қарсы тиімді болуы керек, ал бұл - вакцинаны әзірлеу кезінде қосымша қиындықтар туғызады деген сөз, - деді ол.

Еске сала кетейік, өткен аптада Бейжіңдегі  Синьфади ірі көтерме сауда нарығында коронавирустың өршуі анықталған болатын. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі сауда орындарының қызметкерлері, сондай-ақ, олармен тығыз байланыста болған адамдар. 

Осыған байланысты Бейжіңнің жекелеген аудандарында бақылау шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта коронавирусқа 200 мыңға жуық тест жүргізілді.

Айта кетейік, бұған дейін елдің Баодин қаласына әскери жағдай енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы