Алматыда 3 автобус соқтығысып қалды

18 Ақпан 2020, 16:20
1351
Бөлісу:
Алматыда 3 автобус соқтығысып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 3 жолаушылар автобусы соқтығысты.

Алдын ала ақпарат бойынша, 120-бағыттағы автобус Абай көшесімен арнайы жолақта батысқа қарай кетіп бара жатқан, оның соңынан 57-бағыттағы автобус бара жатқан. Ол 120-бағыттағы автобусқа соғылып, айнасымен 98 бағыттағы автобусты сырып кеткен.

Жол апаты салдарынан 57-бағыттағы автобустағы 7 адам зардап шеккен. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. 

 

Өзгелердің жаңалығы