Бас жаңалықтар
Алматыда 1500-ден астам жұмысшы қар тазалау жұмыстарына  жұмылдырылды
05 Желтоқсан 2020, 10:31 151

Алматыда 1500-ден астам жұмысшы қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында 4 желтоқсан күнінің сағат 17.30-да жауа бастаған қар әлі де жалғасуда. 5 желтоқсан сағат таңғы 7.00-дегі жағдай бойынша қалаға 4-6 см, таулы аймақтарға 8-10 см, тау бөктеріне 14-16 см қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 3556 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Қаладағы түнгі қар тазалау жұмыстарына 537 техника бірлігі, оның ішінде 200 құмлақтырғыш және 576 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

5 желтоқсанға 574 бірлік арнайы техника мен 1190 жол жұмысшысын жұмылдыру жоспарланған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін ауа температурасы күндіз -1, -3, қар.

Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//