Бас жаңалықтар
Алматыда 118 мыңнан астам қарт коронавирусқа қарсы екпе алған
07 Қазан 2021, 13:40 6414

Алматыда 118 мыңнан астам қарт коронавирусқа қарсы екпе алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев хабарлады. Оның айтуынша, вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 118 694 адамды құрайды.

Ал бір тәулік ішінде І компонентті 1 718 адам, ІІ компонетті 3 009 адам салдырған. Ақпан айынан бастап 6 қазанға дейінгі аралықта қала бойынша І компонентпен 962 616 адам, ІІ компонентпен 876 485 адам вакцинацияланды. Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін 200-ге жуық алматылық жансақтау бөлімінде жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Инфекциялық стационарларда 3 179 төсек-орын болса, жалпы саны 1 477 адам емделіп жатыр. Олардың 56-ы балалар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 170 адам ем қабылдауда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...