Алматыда Қазақстан ревматологтарының ІІ конгресі өтіп жатыр

26 Сәуір 2019, 10:09
3176
Бөлісу:
Алматыда Қазақстан ревматологтарының ІІ конгресі өтіп жатыр

Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыда Асқар Сейсенбаевтың есіміне арналған ревматологтардың ІІ конгресі өтіп жатыр. 

Мамандардың айтуынша, қазір әлемде ревматологиялық аурудың жүздеген түрі бар, бұған қоса мүгедектігі жағынан онкологиялық және кордиалогия аурудан кейін үшінші орында тұр. 

Жиынға қатысушылар ревматологияның клиникалық және теоретикалық өзекті мәселелерін талқылап жатыр. 

Жиынды Қазақ ревматологтар алқасының төрағасы, профессор Ғалымжан Тоғызбаев өзінің алғысөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Форум барысында ішкі органдарды емдейтін теаптептердің де диагностика сапасы талқыланып жатыр. Остеопороз және D дәруменінің жетіспеушілік мәселелері де талқыланды. 

“1941 жылдардағы соғыс кезінде антибиотик пайда болғанда ол көптеген адамның өмірін сақтап қалды деп қуанған едік. Дегенмен оны тұтынуды уақыт өте келе үдетіп, қазір соның зардабын көріп отырмыз. Ішкі ағзамызды бүлдіріп алдық. Одан құтылу оңай шаруа емес. Жасымыз келіп, буынымыз сырқыраса да сол химиялық дәрі-дәрмекке жүгіреміз. Әлемде қазір мұндай аураларды дәрісіз емдеудің жолдары қарастырылған. Массаж жасайды, түрлі жаттығулар арқылы емдейді. Профессор Тоғызбаев қазір Оңтүстік Корея команияларымен бірлесіп осы әдісті енгізіп жатыр. Бұл өте құптрлық жағдай”, -дейді академик Төрегелді Шорманов. 

Дәрігерлердің айтуынша, еліміздегі 18-59 жас аралығындағы азаматтардың 72% ревтатизм ауруына шалдыққан. Оның 65 пайызы әйелдер екен.

Өзгелердің жаңалығы