Алматы полициясы басқа адамның құжатымен несие алған алаяқты іздестіруде

6 Маусым 2019, 11:41
2060
Бөлісу:
Алматы полициясы басқа адамның құжатымен несие алған алаяқты іздестіруде

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы өзгенің жеке куәлігімен ірі көлемде несие алған белгісіз адамды іздеп жатыр. Бұл туралды Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күдікті жалған құжатпен Алматы қаласында 2 миллион теңгеден аса несие рәсімдеген. Жәбірленуші жеке куәлігін жоғалтып алған, ал алаяқ жоғалған құжатты пайдаланып, банкке барып несие рәсімдеген», - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев. 

Ер адам алаяқтық арқылы мұндай іске бірнеше рет баруы мүмкін. Осыған орай қала полициясы күдіктінің жеке тұлғасын анықтау үшін тұрғындардан көмек беруін сұрайды. 

«Суретте көрсетілген адам туралы қандай бір мәлімет білсеңіз, Алматы қаласы Полиция депатраментінің тергеу басқармасына немесе мына телефон бойынша хабарласуға болады: 254-48-00; 54-48-03; +7-708-337- 85-17 немесе 102», - деді полицейлер.

Өзгелердің жаңалығы