Алматы облысында жанармай құю станциясында жарылыс болды

6 Тамыз 2020, 12:47
2642
Бөлісу:
Алматы облысында жанармай құю станциясында жарылыс болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Есік қаласында жанармай құю станциясында жол-көлік апаты салдарынан жарылыс болды.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен қызметтік көліктері өртті сағат 10:52-де ауыздықтады.

Апат салдарынан термиялық күйік алған "Лэнд Крузер Прадо" автокөлігінің 1948 жылғы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90% күйік шалды, жағдайы ауыр. Тағы бір зардап шеккен адам - автожанармай құю станциясының 1990 жылғы операторы. Оның кеудесіне зақым келген, дегенмен алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілген, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, станцияға жақын орналасқан көпқабатты үй мен жер үйлерге зақым келмеді.





Өзгелердің жаңалығы