Алматы облысында полицей әріптесіне оқ атты

28 Сәуір 2021, 22:55
1529
Бөлісу:
Алматы облысында полицей әріптесіне оқ атты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыс оқиға 27 сәуірде Алматы облысының Райымбек ауданында болған. Бұл туралы Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев Fаcebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, жанжал әріптестер арасындағы жағымсыз қарым-қатынас салдарынан болған.

Салдарынан санына оқ тиіп жараланған учаскелік инспектор Нарынқол ауылдық ауруханасына жатқызылды. Оған табельдің қарудан оқ атылғаны анықталды.

Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына бардым. Нәтижесінде барлық жағдай анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі, 24-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұдан бөлек жедел-қызметтік іс-әрекеті барысында жіберілген олқылықтары мен жеке құрамның бақылауын бәсеңдеткені үшін сыртқы қызметтердің іс-әрекетін бақылауға жауапты болған аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды, - деді Серік Күдебаев.

Сондай-ақ жанжал барысында олардың жанында болған қызметкерлер де қызметтерінен кетті. Бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Алматы облысы ПД басшылығы өз полицейлері тарапынан заңдылық пен тәртіптің сақталуы бойынша түбегейлі шараларды қабылдайды. Заңбұзушылыққа жол берген әр адамның ісіне жеке баға беріліп, ішкі істер органдары қатарынан шығарылатындай етіп түбегейлі шаралар қолданылады. Қызмет барысында жеке қарым-қатынасты шешуге болмайды, - деп атап өтті облыстық ПД басшысы.
Белгілі болғандай, қазір зардап шеккен адамның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.
Өзгелердің жаңалығы