Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрып, ақшасын тартып әкеткен

21 Желтоқсан 2020, 18:18
2701
Бөлісу:
Алматы облысында автобус жүргізушісін ұрып, ақшасын тартып әкеткен

Алматы, BAQ.KZ.  20 желтоқсан күні Іле ауданындағы Жетіген ауылында №220 автобустың жүргізушісін соңғы аялдамаға жеткенде соққыға жығып, 70 мың теңге ақшасын ұрлап әкеткен. 

«Ba Tu TRANS»  автопаркінің мәліметінше, бұл оқиғаға жолаушылардың бірінің билетке екі рет ақша төлеуі себеп болған көрінеді. Осы жағдайдан кейін жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал туындаған.

Жүргізуші автобусқа егде жастағы адам мінгенін айтады. Ол карточкамен төлем жасамақ болған, бірақ терминал қабылдамаған. Кейін ол 150 теңге ақшалай төлеп билет алған. Біраз уақыт өткен соң ГРЭС ауданы маңында билет тексеретіндер кіріп, ол кісінің карточкасында ақшасы бар екенін айтқан. Ол қайта карточкамен төлем жайсайды да, жүргізушіден ақшасын қайтаруды сұрайды. Ал, жүргізуші билетті төленді деп жасағандықтан ақшасын қайтара алмайтынын айтады. Екеуі сөзге келіп тұрғанда жаңадан мінген тағы бір жолаушы ол кісінің билетін сатып алады. Осылайша жағдай тұрақталғанымен ол кісі ауызына келгенін айтып, ұлдарын шақырып қоқаңлоққы көрсететінін айтады. Дегенмен ол кісі соңғы аялдамаға жетпей түсіп қалады, ал Жетігендегі соңғы аялдамаға келгенде төрт адам келіп жүргізушіні соққыға жығып, қалтасындағы жалақысынан қалған 70 мың теңгені тартып алған, - дейді автопарк директоры Бақытжан Рысбаев.

Қатты соққы алған жүргізуші қазір ауруханада жатыр. Әріптестері оған дәрі-дәрмек алып беру жағынан көмектесіп жатыр екен.

Өзгелердің жаңалығы