Депутаттардың әйелдері мен туыстарына жақсы жаңалық. Шетелде есепшот ашуға тыйым салынбайды

21 Желтоқсан 2020, 17:51
1611
Бөлісу:
Депутаттардың әйелдері мен туыстарына жақсы жаңалық. Шетелде есепшот ашуға тыйым салынбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов жаңадан қабылданған заң жобасындағы кейбір нормаларға пікір білдірді.

Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойған. Бұл заң жобасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттық корпусқа және судьяларға шетелдік банктерде есепшот ашуға тыйым салынады. Бірақ бұл мәслихат депутаттарына қатысты. Олжас Бектенов тілші сұрағына байланысты жауап берді.

Бұл мәселе талқыланды.Бірақ мәслихат депуттары арасында бизнесмендер, әр түрлі сала өкілдері бар. Олардың бәріне шектеу қоя берсек, ертеңгі күні проблема болады. Бизнесте жүрген азаматтартар мәслихат депутаты болудан қаша бастайды. Бұл шектеу кәсіби түрде заң шығаратын Парламент депутаттарына ғана қатысты,- дейді ол

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары осы ретте Парламент депутттарының әйелдері мен жақын туыстарына шетелде есепшот ашуға шектеу қойылмағанын да түсіндірді. 

Әр түрлі тәжірибе бар. Біз оның бәрін зерттедік. Кейбір елдерде мемлекеттік қызметкерлерге мүлдем ондай шектеу жоқ. Ал енді бірінде толықтай отбасы мүшелеріне есепшот ашуға тыйым салынған. Біз қанша дегенмен нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлердің әйелдері мен жақын туыстары бизнеспен немесе басқа да қызметкерлермен айналысуы мүмкін. Сондықтан олай шектеу қоя алмаймыз. Әзірге бірінші қадамды жасадық. Өмір бір орында тұрмайды. Алдағы уақытта өзгеруі де мүмкін. Әзірге мемлекеттік қызметкерлердің өздеріне шетелде есепшот ашуға тыйым салдық,- дейді Олжас Бектенов.
Өзгелердің жаңалығы