Алматыда су құбыры жарылып, асфальт опырылып түсті

4 Мамыр 2024, 16:53
5380
Бөлісу:
Алматыда су құбыры жарылып, асфальт опырылып түсті
Фото: автордан

Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында су құбыры жарылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға «Алматы жылу желілері» ЖШС түсінік берді. Мекеме мәліметінше, Сәтбаев көшесінің бойында жөндеу жұмыстары басталған.

«Алматы жылу желілері» ЖШС бригадасы бүлінген жерлерді жөндеуге кірісті. Масаншы – Сәтбаев – Марков – Құрманғазы көшелерінде 1988 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және өзінің нормативтік мерзімін өтеген диаметрі 500 мм құбырдың зақымдануын жою үшін ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Бұл тас жолды қайта құру 2025 жылға жоспарланған. Аталған қалалық секторда түн ортасына дейін ыстық су беруді қалпына келтіру жоспарланып жатыр, - дейді «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу, т. б.) тәуелсіз әрекет жасамауға және нөмірге қоңырау шалу арқылы болған жағдай туралы хабарлауға кеңес береміз: 

+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы),
+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.

Өзгелердің жаңалығы