Алматы облысында 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

4 Қараша 2020, 13:39
1962
Бөлісу:
Алматы облысында 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» онлайн брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту мәселесі де ерекше бақылауда. Облыста тұрғын үй құрылысы жақсы қарқынмен жүріп жатыр. 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім 7,6%-ды құрады. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік жүйелердің құрылысына 38,3 млрд теңге бөлінді. Жалпы барлығы 2843 пәтерлік 566 тұрғын үй салынып жатыр. Оның 1020 көпбалалы отбасыларға беріледі. 1533 отбасы «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «5-10-20» жеңілдетілген бағдаламалар бойынша пәтер алады, - деді ол. 

Әкім облыс орталығы  Талдықорғанда 670 үйлік коттедж қалашығының құрылысы жалғасып жатқанын жеткізді. Биыл 345-сі қолданысқа беріледі және сол жерде мектеп, балабақша, спорт алаңдары салына бастады.

Айта кетейік, Амандық Баталов бұған дейін биыл өңірде 153 млрд теңгенің 71 жобасы іске асырылатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы