Алматы облысында 1 жасар бала індеттен емделіп шықты

16 Мамыр 2020, 10:39
1238
Бөлісу:
Алматы облысында 1 жасар бала індеттен емделіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында кеше 5 адам коронавирустан жазылып шықты. Олардың алды 48 жаста болса, ең кішісі 1 жасар сəби. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Іле жəне Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары 26 сəуірден бері Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасында ем алған.
Қазір өздерін жақсы сезінеді, шағымдары жоқ, - делінген хабарламада.

Сонымен бүгінгі күнге коронавирус індетінен жазылып шыққандар саны 111-ге жетті.
Өзгелердің жаңалығы