Кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыларды қолдауға әзір

24 Наурыз 2020, 17:22
1302
Бөлісу:
Кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыларды қолдауға әзір

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов брифинг кезінде айтты.

Алматы кәсіпкерлері әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж жандарды азық-түлікпен қолдауға әзір. Елдегі қиын жағдайға еліміздің және қаланың кәсіпкерлері тыс қалмай, толығымен кірісіп отыр, - дейді ол. 
Сондай-ақ ол осындай қиын-қыстау кезде халықты қолдау мақсатында "Атамекен" қоры да жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Бұған дейін ҚР Халық Банкі дәрігерлерге көмектесу үшін өткен аптада 100 млн теңге бөлген еді. Одан бөлек RG брендс компаниясы да Наурыз мейрамы қарсаңында республика бойынша 5 мың пакет азық-түлікті үлестірді. Басқа да кәсіпкерлер бұл бастаманы қолдауға дайын. Қаладағы 18 мыңнан аса отбасыны қамту үшін көптеген қаражат қажет екені белгілі, сондықтан басқа да кәсіпкерлерді #Бізбіргеміз акциясын қолдауға шақырамыз. Атамекен палатасының сайтында "Жаңа алатау" қорының рэвизиттері көрсетілген, қаражатты соған аударсаңыздар болады. Ол қаражаттың барлығы көмекке мұқтаж жандарға жеткізіледі, - деді Н. Әбілшайықов. 
Ал, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров өз кезегінде 700-гу жуық гигиеналық заттарды мұқтаж жандарға үлестіргендерін айтты.
Елбасының тапсырмасына сәйкес Nur Otan партиясы тарапынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына 150 млн теңге бөлінген болатын. Ол ақшаға Алматы қалалық филиалы санитарлы-гигиеналық жиынтықтар сатып алды, барлығы жеті мың комплект. Қазір  Jas Otan еріктілері күн сайын осы жиынтықтарды таратуда. Бүнігі күнге 700 комплект таратылды, бұл жұмыс жалғасын таба береді, - деді ол. 

"Қазпошта" АҚ қызметкерлері бұл азық-түлікті діттеген жеріне жеткізуге көмектесетіндерін мәлімдеді. 
Біздің қызметкерлер аз қамтылған отбасыларға көмекті жеткізуге қол ұшын береді. Ол үшін арнайы көліктер де тағайындалды. Сонымен қатар 70 жастан асқан зейнеткердердің зейнетақсын үйге жеткізіп беруді қолға алып отырмыз. Біздің қызметкерлердің бәрі қауіпсіздік құралдарымен қамтылған, - дейді "Қазпошта" АҚ Алматы почтамты директоры Әлия Сүгірбаева.


Өзгелердің жаңалығы