Алматы емханалары вакцинациялауға 100% дайын - Нариман Табынбаев

4 Сәуір 2021, 15:28
1692
Бөлісу:
Алматы емханалары вакцинациялауға 100% дайын - Нариман Табынбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда COVID-19-ға қарсы вакцинациялау барысы және Денсаулық сақтау министрлігінен вакциналардың дозаларын жаппай жеткізуді қабылдауға дайындық туралы онлайн брифинг кезінде Алматы қаласы қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтып берді.

Кеше, бүгін қаланың басшысы, сондай-ақ жауапты қызметкерлер емханалардың және вакцина сақтау қорының қызметкерлерімен бірге тексеріс жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде кеше 5 аурухананы аралап, әр ауданның вакцинациялауға дайындығы және жасалып жатқан негізгі жұмыстарымен таныстық. Одан бөлек, вакцина алып жатқан азаматтар мен тұрғындардың жағдайлары, олардың қандай өтініштері бар екенін анықтадық, - деді ол.

Табынбаевтың айтуынша, қаладағы 79 емдеу орны вакцинаға дайын. 

Бүгін Алматыдағы ең үлкен қойманы, дәрі-дәрмек және вакцина сақтау қоймаларын тексеріп, сонымен қатар Сауда орталықтарын қарап, тағы вакцинациялау пунктерін қайдан ашуға болатыныны туралы жұмыстар жүргіздік. «Азия Парк» сауда орталығына қазіргі күні вакцинациялау басталып кетті, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сондай-ақ Табынбаев атап өткендей, Алматы емханалары вакцинациялауға 100% дайын. Вакцинаны сқтауға, беруге және оның процедураларын жүргізу талаптары сақталған. Бүгінгі күні Алматы қаласы Денсаулық сақтау министрлігінен 50 мың доза вакцина алды. Соңғы күндері 17 мыңнан аса тұрғын вакцинаны алып үлгерді. Сондай-ақ вакциналау процесі жалғасып жатыр.

Ол қаланың медициналық мекемелер сауда үйлерінің қатысуынсыз күніне шамамен 9 мыңнан 11 мыңға дейін вакцинациялау жүргізуге қауқары бар. Дегенмен қоғамдық сауда орталықтарында вакцинациялау пунктері ашылса, онда вакцинацияланғандардың саны едәуір өседі. Осы екі күннің ішінде қаланың қай бөлігінде аталған пунктерді ашу керектігін анықтадық. Енді қала жаппай вакцинациялуға дайын. Жаппай вакцинациялаудың уақыты нақтыланған кезде қосымша хабарланады, - дейді ол тікелей эфирде.

Өзгелердің жаңалығы