Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты

7 Мамыр 2024, 19:14
427
Бөлісу:
Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты
Фото: ktf.kz

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина өткен жылғы WTA 1000 санатындағы турнирлерде 500-ден астам ұпай (winner) жинаған жалғыз теннисші болып табылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

OptaАce статистикалық ресурсы хабарлағандай, отандасымыздың активінде белсенді әрекеттері есебінен ұтқан 570 ұпай бар.

Бір күн бұрын Римде 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирідің жеребесі өтті. Турнирдің қазіргі чемпионы-қазақстандық Елена Рыбакина бірден екіншісі айналымға өтіп, румыниялық Ирина Бегумен немесе біліктілік бойынша теннисшімен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы