Бас жаңалықтар
Алмат Кебіспаев Ослодағы Әлем біріншілігін жеңіспен бастады
09 Қазан 2021, 17:48 2555

Алмат Кебіспаев Ослодағы Әлем біріншілігін жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияның Осло қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. 

Бүгін грек-рим күресінен үш салмақ бойынша балуандар өзара бақ сынауда, деп жазады Olympic.kz. 

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алмат Кебіспаев алғашқы белдесуінде Беларусь балуаны, 2020 жылғы Еуропа чемпионы Максим Негоданы жеңді. 

Ширек финалда Кебіспаев норвегиялық спортшы, Еуропа чемпионы Мортен Торесенмен кездеседі. 

Ал 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов екінші айналымда венгриялық балуанға есе жіберді. 




Фото: дереккөз
Загрузка...