Алакөлде бес жұлдызды қонақүй ашылады

5 Наурыз 2019, 10:11
2351
Бөлісу:
Алакөлде бес жұлдызды қонақүй ашылады

Аcтана, BAQ.KZ. 450 орынға шақталған кешен жеке инвестицияларға салынған. Бұл туралыАлматы облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Талдықорғанда Алакөл көлі жағалауындағы "Qoqtem Grand Resorts" бесжұлдызды қонақүйі таныстырылымына арналған баспасөз конференциясы өтті. 

Қонақүй жеке қаржыға салынған. Қонақүйдің ашылуы осы жазға жоспарланған, кешен алдын ала брондауды іске қосты. Көпфункциялы қонақүй кешені 450 орынға шақталған. Кешенде 102 нөмір бар, оның ішінде 97-сі – стандартты, 4-і – люкс, 1 – президенттік люкс нөмірі. Кешен қолданысқа берілген соң 80 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кешеннің жалпы аумағы 16 гектар.

"Қонақүй кешені бес қабаттан тұрады. Жазғы террасасы бар кафе, балалар алаңқайы, спорт алаңдары ашылады. Жайлы нөмірлер мен жақсы сервис қонақтардың көңілдерінен шығады деген ойдамын", – деп атап өтті қонақүй кешенінің басқарушы директоры Алмажан Бақтұразова.

Алматы облысы Туризм басқармасының жетекшісі Жанар Алшымбаева Алакөл көлі жағалауындағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша қолданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, биыл көл жанындағы Ақши ауылында шағын базар ашылып, ал қонақүйлерінде кәдесыйлар сатылатын болады.

"Бөлшек сауда нүктелерін құру мақсатында қазіргі уақытта Алакөл ауданының басшылығы уақытша нысандардың құрылысы басталатын жер телімін қарастырып қойды. Бұл сауда орындар кәсіпкерлерге ұсынылады. Сонымен қатар қонақтарды орналастыру жерлерде кәдесыйлар сатылатын болады. Осыған дейін кәдесыйларды кәсіби өндіретін бір компаниямен келісімге келдік", – деді Алматы облысы Туризм басқармасының жетекшісі Жанар Алшымбаева.

Туризм саласында мамандарды дайындау, сервис сапасы мәселесін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева көтерді. Спикер "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде компания жұмыс мамандарын дайындаумен айналыса алатынын айтты.

"Бүгінде облыс аумағында 26 компания мамандарды дайындау бойынша оқу орталықтарын құрды, соның ішінде 20 оқу орны кәсіпорын жанынан құрылған. Алайда, олардың ішінде туризм бойынша оқу орталығы жоқ. Ал туристік сала үшін кадр және сервис мәселесі өзекті", – деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева.

"Жетісу" әуекомпаниясының әуе тасымалдар қызметінің аға диспетчері Гүлмира Қасенова қонақтарға Алакөлге ұшу бағдарламасы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, 2017-2018 жылдар аралығында көлге келішілердің саны артқан. 2017 жыл ішінде Үшарал әуежайына 1880 жолаушы ұшқан. Ал 2018 жылы көлге – 4419 жолаушы ұшып келген.

"Биыл Астана-Үшарал, Үшарал-Алматы бағыты бойынша ұшақтар алты ай бойы аптасына 4 рет ұшатын болады. Билет құны – 16 000 теңге. Алматы-Үшарал-Алматы бағыты бойынша рейс алты ай бойы аптасына 6 рет болады. Құны – 10 000 теңге. Рейстерді Scat авиакомпаниясы жүзеге асырады", – деді Гүлмира Қасенова.

Биыл Талдықорған-Үшарал-Талдықорған (билеттің жоспарланған құны – 12 000 теңге), Алматы-Үшарал-Алматы (билеттің жоспарланған құны – 18 000 теңге) бағыты бойынша рейстерді "Жетісу" әуекомпаниясы аптасына үш рет жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы