Әл-Фараби антикалық және Ислам философиясын байланыстыра білді

14 Қазан 2020, 17:53
2742
Бөлісу:
Әл-Фараби антикалық және Ислам философиясын байланыстыра білді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Философия ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры, әл-Фараби орталығының ғылыми кеңесшісі Жақыпбек Алтаев «Ұлы ғұлама әл-Фарабидің әлем өркениетіне ықпалы» атты халықаралық онлайн конференция барысында айтты.

Профессор әл-Фараби әлемдік философия тарихында ең ірі философ, кемеңгер, ойшылдардың бірі болғанын айтады. Оның философиясы қанша ғасырлар өтсе де өз өзектілігін жоғалтпаған. 

ХІ-ХVIII ғасырларда Батыста ең атақты мұсылман философ ретінде танылған ол ХІХ ғасырда Батыс зерттеушілерінің назарына қайта ілікті. Ол Платон мен Проколдың метофизикасы мен космологиясының негізінде Ислам философиясына бұрын қарастырылмаған эманация теориясын жасап, мұсылмандық неукломизмнің негізін қалады. Одан бөлек, әл-Фараби Платонның «республикасы» негізінде «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» арқылы баяндалған мұсылман әлеміндегі ең алғашқы саяси трактаттарының бірін жазды. Ол антикалық философия мен Ислам философиясын байланыстыра білді, - дейді ол. 

Оның айтуынша, әл-Фараби орта ғасыр ойшылдары Платон мен Аристотельдің философиялық көзқарасын дұрыс түсініп, бағалай білген. 

Француз философы Этьен Жильсонның айтуынша, орта ғасырдағы Ислам философтары Алтиндин, әл-Фараби, Ибн-Синаның еңбектерін оқып білмей, Томас Аквинскийдің, Боун Скоттың және басқа да Еуропа философтарының еңбектерін түсіну мүмкін емес. Әл-Фараби еңбектері орта ғасырлық Еуропалық қайта өрлеу үдерісінің дамуына тікелей ықпал еткен, - дейді Жақыпбек Алтаев. 

Сөз арасында ол әл-Фараби Аристотельдің бүкіл логика идеяларына толық комментарий жазып, оны кермет түсіндіре білгенін жеткізді. 

Дегенмен, Батыста әл-Фарабидің логикасына баса назар аударылмады. Еуропада әл-Фараби туралы ең алғашқы монография тек ХІХ ғасырдың аяғында 1889 жылы жарық көрді, - дейді профессор.
Өзгелердің жаңалығы