Ақтөбеде теннистен республикалық турнир аяқталды

26 Желтоқсан 2020, 23:28
1649
Бөлісу:
Ақтөбеде теннистен республикалық турнир аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21-25 желтоқсан күндері теннистен «Aktobe Masters 12& under» турнирі мәресіне жетті. Жарысқа Нұр-Cұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларынан 62 қатысушы қатысты, деп хабарлады федерацияның ресми сайты.

Қыздар арасында ақтөбелік Ева Корышева үздік атанды, ол ақтық сайыста алматылық Данайя Амангажиеваны жеңді. Үшінші орынды ақтөбелік Аружан Дандаева иеленді.

Ұлдар арасында бірінші орынды Мансұр Қайролла (Нұр-Cұлтан) иеленді. Шешуші кездесуде Мансур Ярослав Пшеничныйды жеңді. Жүлделі үшінші орынды Тараздан келген Дамир Дүйсенғазин қанжығасына байлады.

Қыздар арасындағы жұптық сайыста Аружан Дандаева мен Ева Корышева жеңсе, ұлдар арасында Мансұр Қайролла мен Дамир Дүйсенғазин топ жарды.

Өзгелердің жаңалығы