Ақтөбеде облысында аумақтарды шалғын құрт жайлауда – министрлік

29 Шілде 2021, 20:17
1102
Бөлісу:
Ақтөбеде облысында аумақтарды шалғын құрт жайлауда – министрлік
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс мәлімдеді. Оның айтуынша, ауыл-аймаққа тиесілі жерлерді улау жұмыстары атқарушы биліктің міндеті.

2019 жылы зиянкестерге қатысты бұл мәселе көтерілген болатын. Ауыл шаруашылық министрлігі және жергілікті шаруалар мен бизнес өкілдері ақылдаса келе заңға тиісті өзгерістер енгізген еді. Ол кезде шабындық жерлерді жалпы зиянды организмдерден қорғауды шаруалар өздері жүргізсек деген ұсыныстар болды. Бұл ұсыныстар қаралып заңға тиісті өзгерістер енгізілді.Сол заңға сәйкес қазіргі таңда улау жұмыстарын тауар өндірушілер өз есебінен жүргізеді. Бірақ шығынға Үкімет тарапынан 50 пайыз субсидия беріледі. Сол себепті жергілікті атқарушы билік өздері әрекет еткені дұрыс, – деді ол.

Сонымен қатар ол мемлекеттен бөлінген қаржының аумақтағы зиянкес жәндіктермен күресуге жеткілікті екенін айтты.

Биыл мемлекеттен республика бойынша 32 млрд теңге қарастырылған. Ал Ақтөбе облысына 544 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл барлық жеке шаруаның аумақтарына қажетті мөлшерде жетуі тиіс.

Шалғын қөбелектер аптап ыстық пен қуаңшылыққа байланысты алқаптық жерлерде тез көбеюде. Сөзінше, бұндай мәселелер жылда қайталанып отырады. Атқарушы билік қажетті әдістемелерді дұрыс пайдалана отырып, олардың нақты түрлерімен күресу қажет.

Қазіргі таңда зиянкестерге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтиже бойынша нақты 3 мың гектар жер анықталған. 7 мың гектер жер бойынша әлі де зерттеу жұмыстары толықтай аяқталған жоқ. Оған жергілікті атқарушы әкімшілік қажетті қаражатты есептеу үстінде, - деді Алмабек Марс.

Айта кетейік, биыл Ақтөбеде 8 мыңдай гектар аумақты шалғын құрт жайлаған. Оның 2400 гектары ауыл маңы мен босалқы жерлер.


Өзгелердің жаңалығы