Бас жаңалықтар
Ақтөбеде адам саудасы және жеңгетайлықпен айналысу дерегі анықалды
20 Маусым 2021, 16:10 762

Ақтөбеде адам саудасы және жеңгетайлықпен айналысу дерегі анықалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Stop трафик» жедел алдын алу шарасы барысында Ақтөбеде адам саудасымен қатар, жеңгетеайлық қызмет ету фактілері анықталды, деп хабарлады облыстық  Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

«Stop трафик» жедел алдын алу шарасы адам саудасы, жеңгетайлық, адам ұрлау және жұмысқа заңсыз тарту дерегін анықтау мақсатында өткізілді.

Жедел алдын алу шарасы  барысында адам саудасының, жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі, қоғамдық орындарда тиісудің 47, жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай берудің бір дерегі анықталды,- делінген хабарламада.

Аталған шара нәтижесінде  2 жеңгетай және 10 жезөкше анықталып, есепке қойылды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...