Әлемде коронавирус инфекциясынан АҚШ пен Ресейде көп адам қайтыс болған

21 Қыркүйек 2021, 16:07
15362
Бөлісу:
Әлемде коронавирус инфекциясынан АҚШ пен Ресейде көп адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ пен Ресей коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар бойынша әлемде көш бастады. 19 қыркүйектегі жағдай бойынша әлемде 397 мыңнан астам індет жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелген деп жазады Worldmeters.

Вирусты, әсіресе, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия елдерінің тұрғындары көп жұқтырған. Ал аурудан қайтыс болғандар саны Ресей, АҚШ пен Иранда көп.

Атап айтқанда, АҚШ-та 86 мыңнан астам жағдай тіркелсе, Ұлыбританияда 36 мың, Түркияда 27 мыңнан астам адам дерт жұқтырыпты.

Науқастар саны бойынша тізімді Үндістан мен Ресей толықтырып тұр.

Әлем бойынша Ресей, АҚШ, Иран мемлекеттерінде коронавирустан тәулігіне ең көп адам коронавирустың құрбаны болады.

Өзгелердің жаңалығы