АҚШ COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнатты

1 Тамыз 2021, 12:47
2713
Бөлісу:
АҚШ COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Америка Құрама Штаттарының ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметінше, АҚШ -тың Флорида штатында коронавирустық инфекцияның бір тәуліктегі өсім саны 21,683 адам болған. Бұл көрсеткіш пандемия кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді.

Бұдан бұрынғы ірі көрсеткіш штатта 7 қаңтарда анықталған еді. Онда инфекциялардың күнделікті жұқтырулары 19 334 адам болған еді. Флорида аумағы Америка Құрама Штаттарында коронавирустық инфекцияның барлық жаңа жағдайының бестен бір бөлігін құрап отыр. Қазіргі таңда штат елдің індеттің таралу ошағына айналды.

Айта кетейік, АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны мен өлім саны бойынша әлемде көш бастап тұр. Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде 34,9 миллионнан астам адам инфекция жұқтырған, оның 613 мыңнан астамы қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы