Әкім: Маңғыстау облысында 60 мың жұмыс орны ашылады
25 Қараша 2021, 15:15 135

Әкім: Маңғыстау облысында 60 мың жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жуырда қабылданған Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары өңірдің өркендеуіне тың серпін бермек.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Нұрлан Ноғаев айтты.

Кешенді жоспар 214 іс-шарадан тұрады, оның ішінде экономиканы дамыту аясында – 87, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша – 48, әлеуметтік сала мен экологияда 66, азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған, -деді ол. 

Оның сөзінше, кешенді жоспардың жалпы бюджеті 2,1 трлн теңге. Оның ішінде 71% жеке инвестицияның үлесі бюджеттік қаражаттың көлемі 457 млрд теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет – 339 млрд теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд теңге.

Ноғаевтың айтуынша, кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы өңірдегі келесідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

- 2025 жылға қарай облыстың жалпы ішкі өңірлік өнімінің көлемін 3,1 трлн.теңгеден 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайту;

- 2025 жылы өңірге келетін туристер санын 750 мыңға дейін арттыру;

- Халықтың нақты табысын ұлғайту;

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет қабылдаған кешенді жоспар өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге, облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Кешенді жоспар аясында алдағы 5 жылда 60 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр, - деді Нұрлан Ноғаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...