Академиялық филармонияның Үрлемелі оркестрі XX маусымын аяқтады

19 Маусым 2021, 01:20
1205
Бөлісу:
Академиялық филармонияның Үрлемелі оркестрі XX маусымын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы Үрлемелі оркестрінің «Атамекен» атты XX маусымның жабылу концерті өтті.

Маусымның жабылу концертінде Үрлемелі оркестрдің бас дирижері – Вероника Дударова атындағы Бүкілресейлік оркестрлік дирижерлар байқауының I дәрежелі лауреаты Дархан Рахымғалиев, көркемдік жетекшісі Никита Почиталин және дирижер Алексей Терещенко көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Концерттің мақсаты – музыкалық тембрлік палитраның сан алуандығын көрсетіп, тыңдарманға ерекше сезім сыйлау болған. Үрлемелі оркестр әр түрлі стиль мен жанрдағы шығармаларды орындап, әдемі музыкалық кеш тарту етті.

аккк.jpg

Сонымен қатар кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Еділ Құсайынов, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Бибігүл Тыныштық, Ақбота Құснадин, Сәулежан Тақзия, Гуляв Лебедева, Дарын Құдайбергенов, «ALEM» эстрадалық би ансамблі мен камералық хор өнер көрсетті.

акккк.jpg

Жиналған халық қазақ музыка өнерінің інжу-маржандарымен классикалық өнер туындылары ұштасқан керемет кештің куәсі болды.

Өзгелердің жаңалығы