Академик Оразалы Сәбденнің 40 ой-пайымнан тұратын жаңа кітабы жарық көрді

17 Маусым 2021, 15:57
2144
Бөлісу:
Академик Оразалы Сәбденнің 40 ой-пайымнан тұратын жаңа кітабы жарық көрді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбденнің «Ойлы кітап» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап жалпы саны 40 бөлек ой-пайымнан құралған. «Ойлардың» әрқайсысы екі бөліктен тұрады: біріншісінде, қазіргі кезде ел дамуына кедергі келтіріп отырған келеңсіздіктер өткір сыналса, екіншісінде, оларды оңтайлы шешу жолдары мен тетіктері берілген.

Бірінші бөлімінде қазіргі ауылдың қиын жағдайы баяндалады. Ондағы білім болсын басқасын болсын ашық айтуға тырыстым. Екінші бөлімінде ауылды қалай көтереміз деген сауал төңірегіндегі ойлар мен тетіктері айтылды. Қазір біз үшін ой, идея қымбат. Оларды жасайтын жобалар қымбат. Кез келген дағдарыстың басында қаржылай емес, рухани дағдарыс тұрады. Оны ешкім мойындағысы жоқ. Сондықтан кітапта қоғамды жаңғыртудың ілімі жайлы баяндадым,-дейді кітап авторы.

Автор сондай-ақ әлем қайда бет алып барады, қазіргі қоғамдағы дағдарыстар жайлы баяндап, одан шығу жодарын ұсынады.

Біз Қазақстанды әлеммен және айналасындағы мемлекеттермен ұштастырмай дамыта алмаймыз. Қазір әлем астан-кестең, ертең не болары белгісіз. Соңғы 12 жылда әлемде экономикалық үлкен 2 дағдарыс болды, 2008 және 2020 жылы. Мұндай жағдай бұрын болған емес. Себебі түбегейлі экономиканың заңдары орындалмады, климатты, табиғаттың заңы орындалмады. Ақыры әлем руханиятсызданып, деградацияға ұшырап отыр. Әлемді құтқаратын ол – ғылым. Қазір ғылымның өзі дағдарыста. Мұндайда қоғам дамуының парадигмасы өзгеру керек деген ой келеді. Сол жаңа парадигма осы кітапта жазылған,-деді Оразалы Сәбден.

Өзгелердің жаңалығы