Ахметжановқа халық қандай сұрақ қойып жатыр?
13 Мамыр, 11:18 333

Ахметжановқа халық қандай сұрақ қойып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодар халықына есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында министрге келушілер сұрақ қойды. 

Қала тұрғыны Светлана Шавер көршілеріндегі жағдайды айтып, сұрақ қойды.

Менің көршім мас күйінде келіп, үйінде шу шығарады. Оның жұбайы полиция шақырады. Алайда оны бірнеше сағаттан кейін қоя береді. Ол үйіне оралғаннан кейін тағы жанжал шығарады. Осындай жағдайда не істеуге болады? - деді ол. 

Өз жауабында министр бұл отбаслыық-тұрмыстық кикілжің, ол Әкімшілік кодекспен реттелетінін айтты. 

Мұндай сұрақ өте жиі кездеседі. Бүгін отбасылық-тұрмыстық жағдайды криминалдандыру мәселесі де талқыланып жатыр. Заңға бірқатар өзгеріс енгізілді. Қазір патрульдік полиция шу шығарған адамның үйіне барып алып кетеді. Қазір олар келісіп, шақырған адам өз сөзінен бас тартып жатады. Ескерту қазір сотпен беріледі. Біз заңға өзгертулерді бекерден-бекер енгізбедік. Сотта оған ескерту жасалады. Бұл қылмыстың екінші рет қайталанбауы үшін жасалып отыр. Екінші рет қайталанса, ол қамалады, - деді ол. 

Марат Ахметжанов атағандай, Жолдауда отбасылық-тұрмыстық жағдайдың жазасын күшейтуді тапсырды.

Барлығын қылмыстық жауапкершілікке тартудың ара-жігі өте жақын. Бұл тұрғыда әлі де жұмыс істеу керек. Нақтылау жұмыстарын енгізу керек, - деді ол. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...