Адам саудасы: 9 айда 200 қылмыстық іс тіркелген

5 Қазан 2021, 12:51
3700
Бөлісу:
Адам саудасы: 9 айда 200 қылмыстық іс тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да жәбірленушілерге өтемақы қоры және адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы өткен брифингте айтты.

Шекараның ашық болуына, көші-қон ағынының күшеюіне және экономиканың дамуына байланысты қылмыстың осы түрінің мемлекетаралық және трансұлттық сипат алуы жиілеп кеткен. Осыған байланысты адам саудасына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрінің тұрақты бақылауында тұр. Осылайша, 9 айда ІІО-ның өндірісінде көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша 200 қылмыстық іс болды, оның 40%-ы сотқа жолданды, қалғандары бойынша тергеу жалғасуда, - деді ол.
Әділов атағандай, 26 адамға қатысты әртүрлі жазаны тағайындай отырып, айыптау үкімдері шығарылды.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында көрінетін нәтижелер адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі Үкіметтік жоспарлар шеңберінде жүргізілетін барлық мүдделі мемлекеттік орган жұмысының қорытындысы болып табылады, 2004 жылдан бастап осындай 6 жоспар қабылданды. 24 ақпанынан бастап біз уақыт талабы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленген 7-жоспарды жүзеге асыруды бастадық, - деді ол.
Осыған дейін 720 жәбірленушіге 93 млн теңге өтемақы төленгені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы