Абай еңбектерін румын тіліне аударған профессорға Президенттің алғыс хаты табысталды

16 Мамыр 2021, 14:52
1264
Бөлісу:
Абай еңбектерін румын тіліне аударған профессорға Президенттің алғыс хаты табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Нұрбах Рүстемов Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін Абайдың «Қара сөздерінің» румын тіліне аудармашы, Бухарест университетінің Шет тілдері және әдебиеті факультетінің профессоры Антоанета Олтянуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, оның кәсіби қызметі Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен де атап өтілді.

Антоанета Олтяну еңбегіне берілген жоғары баға үшін шынайы ризашылығын білдіріп, екіжақты мәдени байланыстардың ілгерілеуіне одан әрі үлес қосуға дайын екенін растады.

2019 жылдың шілдесінде Абайдың «Немура» баспасы арқылы румын тілінде тұңғыш рет кітап түрінде жарық көрген еңбектері оқырмандардың ықыласына ие болды. 2020 жылдың қыркүйегінде ақынның мерейтойын атап өту аясында Бухаресттің орталық саябақтарының бірінде Абай бюстінің салтанатты ашылуы өтті.

Өзгелердің жаңалығы