Абай-175. Есеп комитеті ерекше шара өткізді

17 Қыркүйек 2020, 23:50
1711
Бөлісу:
Абай-175. Есеп комитеті ерекше шара өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есеп комитетінде Абайдың 175 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстан халқы тілдері күніне арналған байқауға қатысушылар марапатталды.

Абайдың 175 жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын және Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу құрметіне, сондай-ақ корпоративтік рухты нығайту, мемлекеттік және ұлттық мерекелердің идеологиялық құндылықтарын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін Есеп комитетінде оның құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен онлайн-байқау өткізілді. Сайыс үш кезеңнен тұрды: «Абай оқулары», «Жаңылтпаш айту» және «Эссе жазу».

Бірінші кезеңде қатысушылар Абайдың кез келген шығармасын (өлеңдері немесе прозасы, басқа тілдерге аударылған шығармалары) кез келген тілде жатқа оқуы немесе оның әндерінің бірін орындауы тиіс болды.

Мақсаты - қызметкерлердің қазақ тіліне, әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінің көркемдік ерекшеліктерін, Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау арқылы тіл мәдениетін қалыптастыру.

Екінші кезеңде қатысушылар кемінде 3 жаңылтпашты қазақ тілінде тоқтаусыз, жаңылмай жатқа айтуы тиіс болды.

Мақсаты - қызметкерлердің қазақ тілінде ойлау, таза, анық және шапшаң сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Үшінші кезеңде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы ұйымдастырған «АБАЙ МҰРАСЫ - ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» («Абай мұрасы - сарқылмас білім көзі») виртуалды көрмесін жеке қарау қорытындысы бойынша әр құрылымдық бөлімшеден эссе жазылуы тиіс болды.

Мақсаты - қызметкерлер арасында қазақтың ұлы ақыны Абайдың рухани асыл-мұрасын, даналығын кеңінен насихаттау.

Карантин жағдайларын ескере отырып, байқауға қатысушылар өз материалдарын ұйымдастырушыларға бейнеформатта ұсынғанын атап өткен жөн.

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ашқан кезде: Бұл іс-шара, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілердің руханиятын арттыруға да, біздің ұжымда Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға және ілгерілетуге де бағытталған. Абайдың шығармалары, оның философиялық толғаныстары мен тұжырымдары қазіргі уақытта да өзектілігін жоғалтпайды және бәрімізге рухани азық болып қалады, - деп атап өтті.

Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін мынадай құрамда қазылар алқасы құрылды: Есеп комитетінің мүшелері (Н.А. Нұржанов – төраға, Р.С. Ахметов), Есеп комитеті Төрағасының кеңесшісі                     (Қ.Б. Есмағамбетов), Бағалау және сапа бақылауы бөлімінің басшысы (М.И. Қыдырбаев), Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы (Г.Е. Ешкеева).

Байқауға ұсынылған материалдарды мұқият қарастырып, егжей-тегжейлі талқылай келе, қазылар алқасы мынадай шешім шығарды.

3 кезеңнің қорытындысы бойынша сайыстың жеңімпаздары жалпы ұпай саны бойынша анықталды:

2 Гран-при Ұйымдастыру жұмысы бөлімі мен Бағалау және сапа бақылауы бөліміне берілді;

І орын - «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС;

ІІ орын - Персоналды басқару секторына;

III орын - Жоспарлау, талдау және есептілік бөліміне берілді.

Сондай-ақ, құрылымдық бөлімшелердің 10 қызметкері байқауға белсене қатысқаны және Абай шығармалары мен жаңылтпаштарды үздік орындағаны үшін арнайы дипломдармен марапатталды.

Бұдан басқа, байқауға қатысқан құрылымдық бөлімшелерге арнайы және ынталандыру дипломдары мен естелік сыйлықтар («Абай жолы» кітаптары, мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар жинақтары, қабырға сағаттары, сертификаттар) табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы