"Ақ жол" партиясы сайлауалды бағдарламасын ұсынды

24 Сәуір 2019, 15:45
6114
Бөлісу:
"Ақ жол" партиясы сайлауалды бағдарламасын ұсынды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтанда "Ақ жол" демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы өтіп жатыр. Жиын барысында партия төрағасы Азат Перуашев 9 маусымдағы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына "Ақ жол" партиясының қатысатынын айтты. 

Одан бөлек, Перуашев "Ақ жол" партиясының сайлауалдындағы бағдарламасын ұсынды. Ол жеті тармақтан тұрады.

"Болашаққа арналған бұл бағдарламада біздің азаматтарымыз жаңа кезеңде қандай кедергілер мен асулардан өту керек екенін анықтап, бағалауға тырысамыз. Ал бүгінгі заманда нарықтық экономика мен саяси еркіндік бұл көздің ағы мен қарасындай егіз ұғым", - дейді Азат Перуашев. 

"Ақ жол" партиясы сайлауалды бағдарламасын ұсынды

Партияның сайлауалды бағдарламасы төмендегідей:

1. Тұрақты дамудың негізі - бәсекелестік және жаппай кәсіпкерлік;
2. Тәуелсіздік және "Алаш" ұлттық идея ретінде;
3. Білімді ұлт және әділ қоғам;
4. Жұмыссыздықты қысқарту;
5. Тұрғын үй мәселесі;
6. Демократия және Парламентаризм;
7. Жемқорлық, оффшорлармен күресу.

Өзгелердің жаңалығы