Ақтөбенің 150 жылдығына 150 миллиард теңге инвестиция тартылады

4 Ақпан 2019, 21:55
2114
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Биыл құны 7,5 миллиард теңге болатын екі инвестициялық жобасы іске қосылады. Бірі қыш тақтайшаларын шығаратын кәсіпорны болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.


Қала әкімі Ілияс Испанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде шаһарға тартылған инвестицияларға тоқталды.

«Қаланың өсуі ивестицияға байланысты екені белгілі. Бұл халықтың, инвесторлардың қалаға деген сенімі. Өткен жылы 168 миллиард теңге инвестиция тартылды. Биыл қаланың 150 жылдығына орай өтетін шара шеңберінде 150 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында Ақтөбе қаласына 20 миллиард 300 миллион теңгеге 13 инвестициялық жоба қосылды. 1 мыңнан астам адамға жұмыс табылды. Өткен жылы қала бойынша 16,2 миллиард теңге болатын 1073 жаңа жұмыс орны ашылды», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Өзгелердің жаңалығы